«Жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар халықаралық орталығы» КЕАҚ (ЖТИЖ ХО) 2023 жылдан бастап БҰҰ-ның Индустриялық даму ұйымы (UNIDO) мен Жаһандық экологиялық қордың (GEF) қолдауымен «Қазақстанда жасыл жұмыс орындарын құру үшін таза технологиялар және ШОБ кәсіпкерлігі саласындағы инновацияларды ілгерілету жөніндегі жаһандық бағдарлама» (GCIP-Kazakhstan) жобасын іске асырып келеді.
Бірге Қазақстанның экологиялық және тұрақты келешегін қалыптастырамыз
Қазақстан — Global Cleantech Innovation Programme (GCIP) жаһандық жобасын ілгерілетіп отырған Орталық Азиядағы жалғыз ел. GCIP-Kazakhstan National Cleantech Forum 2025 Ұлттық форумы (Ұлттық форум) — мемлекеттік органдар, бизнес, ғылым және халықаралық қауымдастық өкілдерін біріктіретін бағдарламаның негізгі қорытынды іс-шарасы. 2025 жылы бағдарлама өз мәресіне жететіндіктен, Ұлттық форум өткізіледі.
2025 жылы Ұлттық форум кеңейтілген форматта, таза технологиялар саласындағы басты ұлттық оқиға ретінде ұйымдастырылып, экологиялық стартаптардың ұлттық байқауының жартылай финалы мен финалын, сондай-ақ National Cleantech Forum 2025 қорытынды форумын (2025 ж. желтоқсан) қамтитын болады.
GCIP-Kazakhstan
National Cleantech Forum 2025
Ұлттық форумының бағдарламасы
14:00 – 15:00
Қатысушыларды тіркеу, Welcome coffee Қатысушалрдың келуі
15:00 – 15:10
Ашылу рәсімі: ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің құттықтау сөзі
Құрметті қонақтың сөзі Арман Айтуғанұлы Ашкин «Ғылым қоры» АҚ басқарма төрағасы
15:20 – 15:30
GCIP-Kazakhstan бағдарламасының нәтижелері мен перспективаларының презентациясы Сәкен Амангелдіұлы Қалқаманов «Жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар халықаралық орталығы» КЕАҚ Басқарма төрағасы
15:30 – 16.45
GCIP-Kazakhstan ұлттық стартап байқауының финалы 10 финалистің питч-сессиясы
16:45 – 17:30
Investor Connect Инвесторлардың сөз сөйлеуі
17:30 – 18:00
Қорытынды шығару және жеңімпаздарды марапаттау Үздік 3 жобаны жариялау. Марапаттарды табыстау